Accessibility links

CIT: Сирияда Ресейдің тағы 9 сарбазы оққа ұшқан


Сирияның Алеппо қаласында жүрген Ресей сарбаздары.
Сирияның Алеппо қаласында жүрген Ресей сарбаздары.

Соңғы айларда Сирияда әскери іс-қимылдарда "Вагнер" жеке әскери компаниясының кем дегенде тоғыз сарбазы қаза тапқан. Бұл туралы тәуелсіз Conflict Intelligence Team (CIT) зерттеушілер тобының дүйсенбіде жариялаған есебінде айтылады.

Қаза тапқандар арасында Троицк қаласынан Виталий Беляев, Қазан қаласынан Азат Нуруллин, Пермьнен Алексей Гладышев, Волжский қаласынан Иван Ильчевский, Нижний Новгородтан Игорь Крижановский, Савелий Сухов пен Алексей Ярошевич бар. Топ оққа ұшқан бірнеше сарбаздың кім екенін анықтай алмаған. Аталған ресейліктердің көпшілігі Сирияға дейін Украинаның шығысында соғысқан.

БАҚ мәліметінше, "Вагнер" құрылымы 2014 жылы құрылған. Оны Ресей армиясы бас барлау басқармасы басқарады. Бұл жеке әскери компанияның сарбаздары президент жарлығы бойынша орден медаль алады. РБК агенттігінің хабарлауынша, компанияға Путиннің жақын досы, бизнесмен Евгений Пригожинмен байланысты құрылымдар қызмет көрсетеді.

БАҚ мәліметіне қарағанда, "Вагнердің" жалдамалы сарбаздары Сирияда 2015 жылдан бері соғысқа қатысады. Ресей қорғаныс министрлігі "Вагнер" жеке соғыс компаниясы барын жоққа шығарады және бұл компания құрамындағы әскерилердің Сирияда қаза тапқанын мойындамайды.

XS
SM
MD
LG