Accessibility links

ЕҚЫҰ: Қырғызстан сайлауында бәсекелестік болды


Президент сайлауында дауыс беріп тұрған қырғызстандықтар. Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.

"Қырғызстандағы бәсекелестік ауанда өткен президент сайлауы билікті бейбіт өткізіп беруге жол ашты және бұл жағынан мемлекет өзге елдерге үлгі бола алады" деп мәлімдеді ЕҚЫҰ бақылаушылары Қырғызстандағы сайлаудан соң жасаған ресми есебінде.

ЕҚЫҰ-ның мәлімдеуінше, сайлау кампаниясы еркін өткенімен, сайлауда әкімшілік ресурстарды қолдану, сайлаушыларға қысым көрсету және дауыстарды сатып алу әрекеттері болған.

"15 қазандағы сайлау Қырғызстандағы демократиялық институттарды нығайтуға үлес қосты. Билікті халық сайлаған президентке бейбіт түрде өткізудің алғышарты жасалды. ЕҚЫҰ-ның халықаралық бақылаушылары алдын ала осындай тұжырым жасады. Сайлаушылар кандидаттарды таңдау құқығына ие болды. Сайлау техникалық жағынан жақсы ұйымдастырылды. Бірақ Орталық сайлау комиссиясы талап-шағымдарды шешуде кей жағдайларда әділдік таныта алған жоқ" делінген ЕҚЫҰ мәлімдемесінде.

15 қазанда Қырғызстанда президент сайлауы өтті. ОСК-нің соңғы мәліметі бойынша, Социал-демократиялық партиясының кандидаты Сооронбай Жээнбековке сайлаушылардың 54,81 пайызы дауыс берген. Оның басты қарсыласы, парламенттегі "Республика - Ата-Журт" фракциясының жетекшісі Омурбек Бабанов 34 пайызға жуық даусына ие болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG