Accessibility links

ЕО Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтті


ЕО туы (Көрнекі сурет).
ЕО туы (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағы Солтүстік Кореяға қатысты санкцияны күшейтті. Еуропа Одағы елдерінің сыртқы істер министрлері 16 қазанда Люксембургте өткен кездесуде Солтүстік Корея экономикасының барлық саласына инвестиция салуға, бұл елге мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға тыйым салуға келісті.

Сонымен бірге Солтүстік Кореяға аударылатын ақша көлемін 15 мың еуродан 5 мың еуроға дейін азайтуға, осы ел азаматтарының ЕО-ға жұмыс визасын созуға шектеу қойылмақ.

Deutsche Welle радиосының хабарлауынша, бұған қоса бірнеше жеке тұлғалар мен компания басшыларына да қосымша санкция салынады.

XS
SM
MD
LG