Accessibility links

Путин Солтүстік Кореяға қарсы санкцияны күшейтті


Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы шекара өтетін Приморский өлкесінде жүрген ресейлік шекарашы. 26 қыркүйек 2017 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин ядролық және зымыран сынақтарын жасағаны үшін Солтүстік Кореяға санкция салу туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлық БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарына байланысты шығарылған.

Жарлыққа сәйкес, Пхеньянда ядролық бағдарламамен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға шектеу қойылған. Олардың арасында Солтүстік Кореяның жоғары лауазымды шенеуніктері, банк, сауда және корпорация басшылары бар. Жарлықта Ресейден Солтүстік Кореяға экспортталатын бірқатар тауарларға да тыйым салынған.

Мұның алдында Мәскеу Солтүстік Кореяны ядролық сынағы үшін сынға алып, Пхеньян мен халықаралық қауымдастықты БҰҰ қарарларын орындауға шақырған.

Ресейдің Солтүстік және Оңтүстік Корея делегациясын келіссөзге шақыру әрекетінен әзірге нәтиже болмай тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG