Accessibility links

Қырғызстан: Қазақстан ЕАЭО талаптарын орындамай отыр


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарадағы өткізу бекетінде тұрған адамдар. 16 қазан 2017 жыл.

Қырғызстанның экономика министрлігі Қазақстанның Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) "талаптарын орындамай отырғанын" мәлімдеді.

"Қазақстанның Қырғызстанмен шекарасында тексеруді күшейтуі ЕАЭО жөніндегі негізгі келіссөздің ұстанымдарына сәйкес келмейді. Бұл Еуразиялық экономикалық интеграцияның болашағына қауіп төндіреді" делінген Қырғызстанның экономика министрлігі таратқан мәлімдемеде. Онда сонымен бірге Қазақстанның шекарада тауардың еркін өтуіне шектеу қойып жатқаны айтылған.

Осыған байланысты экономика министрлігі Еуразиялық экономикалық комитет төрағасы Тигран Саркисянға тиісті хат жіберіп, 2014 жылдың 29 мамырында қабылданған ЕАЭО жөніндегі келіссөздің талаптарын таяу уақытта алқа жиынында қарауды сұраған.

Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің мәліметіне қарағанда, "Ақжол-Автожол", "Ақ-Тілек" өткізу бекеттерінен осыған дейін күніне орта есеппен 8 мыңнан астам адам еркін өтіп, 662 көлік кедергісіз қозғалып келген. 10 қазаннан бастап тәулігіне 3 мыңнан астам адам мен 357 көлік қана өтетін болған.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG