Accessibility links

Ферғаналық құқық қорғаушы 8 жылдан кейін бостандыққа шықты


Ферғаналық құқық қорғаушы Ганихон Маматхоновтың түреден босатылған сәті. Өзбекстан, 16 қазан 2017 жыл.
Ферғаналық құқық қорғаушы Ганихон Маматхоновтың түреден босатылған сәті. Өзбекстан, 16 қазан 2017 жыл.

16 қазанда сегіз жыл бойында түрмеде отырған тағы бір өзбек құқық қорғаушысы, 67 жастағы Ғанихон Маматхонов бостандыққа шықты. Бұл жөнінде "Эзгулик" адам құқығын қорғайтын ұйым өкілдері хабарлады.

Ғанихон Маматхоновтың аты-жөні Өзбекстандағы саяси тұтқындардың тізіміне енгізілген. Ферғаналық құқық қорғаушы 2009 жылдың 10 қазанында тұтқынға алынған. Кейін сот оны "алаяқтық жасады және пара берді" деп айыптап, алты жылға соттау туралы үкім шығарған.

Кейін апелляциялық сот жаза мерзімін төрт жылға қысқартқан. 2010 жылдың сәуір айында Маматхоновты жалпы қоныстану мекемесінен қайтадан түрмеге қамаған.

2016 жылдың 3 тамызында абақтыда тәртіп бұзды деген айыппен құқық қорғаушының мерзімі тағы да екі жылға ұзартылған. 2014 жылы дәл осы айыппен тағы да 2,3 жылға қамау туралы үкім шығарылған.

Осы жылдар аралығында халықаралық құқық қорғау ұйымдары Маматхоновтың жазықсыз түрмеге қамалғанын айтып, оны босатуды талап етіп келді.

XS
SM
MD
LG