Accessibility links

Венесуэла оппозициясы сайлау нәтижесін мойындамады


Николас Мадуро, Венесуэла президенті.
Николас Мадуро, Венесуэла президенті.

Венесуэланың сайлау кеңесі 15 қазанда өткен аймақтық сайлаудың нәтижелерін жариялады. Іс басындағы президент Николас Мадуроның одақтастары көпшілік аймақта жеңіске ежтті. Бірақ оппозиция жарияланған нәтижелерді мойындаудан бас тартты.

Ресми мәліметтер бойынша, басқарушы партия өкілдері сайлауда елдің 23 штатының 17-сінде жеңді. Алдын ала жүргізілген сауалнама оппозиция өкілдерінің алда тұрғанын көрсетті. Әрқилы есептер бойынша, оппозиция 11-18 штат бойынша алға шығып тұр. Дауыс беруге сайлау құқығы бар азаматтардың 61 пайызы қатысты. Николас Мадуро партиясының "таза жеңгенін" жариялады.

Парламенттегі "Демократиялық бірлік дөңгелек үстелі" блогының өкілі Херардо Блайд сайлауда заң бұзылғанын және дауыс беру нәтижелерін мойындау қиын екенін мәлімдеді. AFP агенттігі Венесуэла билігі сайлауға бір де бір халықаралық бақылаушыны жібермегенін хабарлады.

XS
SM
MD
LG