Accessibility links

Мальтада коррупцияны зерттеген журналист қаза тапты


Дафне Каруана Галиция, мальталық журналист.
Дафне Каруана Галиция, мальталық журналист.

Мальтада журналист, "Панама қағаздары" құпия құжаттарының негізінде елдің премьер-министрі Джозеф Мускаттың отбасын коррупциялық қылмыс жасады деп айыптаған Дафне Каруана Галиция қаза тапты. Журналист 16 қазанда үйінен шыққан соң ұзамай көлігі жарылған.

Жарылыстың неден болғаны әзірге белгісіз. The Times of Malta басылымының жазуынша, журналист қаза табарынан бірнеше күн бұрын полицияға өзіне доқ көрсетілгенін хабарлаған.

Премьер-министр Джозеф Мускат Каруана Галицияның өлімін "тағылық шабуыл" деп атады. Ол Мальта АҚШ Федералдық тергеу бюросынан оқиғаны тергеуде көмек көрсетуді сұрағанын мәлімдеді.

Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы өткен жылы әлемнің бірнеше еліндегі жоғары билік өкілдерінің коррупциялық әрекеттері жайлы мәліметтер бар "Панама қағаздары" деп аталатын құпия құжаттар жариялаған. Галиция осы құжаттар негізінде Мальта премьер-министрінің әйелі "Әзербайжан билігінен ақша алған офшорлық компанияға иелік ететінін" мәлімдеген.

Қыркүйекте Коррупция мен ұйымдасқан қылмысты зерттеу халықаралық орталығы Әзербайжан билігіндегі коррупция туралы есебін жариялаған. Онда Әзербайжан билігінің Ұлыбританиядағы жалған компаниялар арқылы "үш миллиард долларға жуық қаржыны жымқырғаны" айтылады. Бұл қаржы негізінен Әзербайжанның Еуропа Одағындағы мүдделерін қорғап, елдегі адам құқығының бұзылғанын айыптайтын қарарын қабылдатпай тастаған еуропалық саясаткерлерге төленген.

"Панама қағаздарының" елеулі бөлігінің Ресейге қатысы бар. Құжатта Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы адамдардың Панамадағы офшорлық компаниялар арқылы ғана екі миллиард доллардан астам қаржыны жымқырғаны айтылады. Кремль бұл айыпты жоққа шығарады.

"Панама қағаздарында»" қазақстандық сегіз сегіз заңды тұлға мен Қазақстанның 250 азаматының аты аталады. Офшорлық компаниялар иелерінің қатарында "Дариға Назарбаева" және "Нұрәлі Әлиевтің" аты аталады. Олардың жеке бас мәліметтері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның және жиені Нұрәлі Әлиевтің аты-жөнімен сәйкес келеді. Дариға Назарбаева да, Нұрәлі Әлиев те "Панама қағаздарындағы" деректерді я растап, я жоққа шығармады.

XS
SM
MD
LG