Accessibility links

Украина БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесіне сайланды


Украина туы (Көрнекі сурет).
Украина туы (Көрнекі сурет).

Украина БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі кеңесіне алдағы үш жылға мүше болып сайланды. "Укринформ" агенттігінің хабарлауынша, дауыс беруде Украинаның кандидатурасын БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің 177-сі қолдаған.

"Бұл - Украинаның әлемдегі, оның ішінде оккупацияланған Қырым мен Донбастағы адам құқығын қорғайтын тағы бір алаң" деп жазды БҰҰ кеңесіне мүше болуға қатысты Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Кислица Twitter-де.

БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесінің құрамында 47 мемлекет бар. Олар әр аймақтан үш жыл мерзімге сайланады және екінші мерзімге қайта сайлануына мүмкіндік бар.

Өткен жылы қазан айында Ресей БҰҰ адам құқығы жөніндегі кеңесіне мүше болуға қажетті дауыс жинай алмай, кеңестен шығып қалған. Бұған дейін 80-нен астам құқық қорғау және гуманитарлық ұйымы Ресейді Сириядағы "бейбіт тұрғындарға қарсы әскери іс-қимылдарды қолдағаны үшін" кеңес құрамынан шығаруға шақырған.

XS
SM
MD
LG