Accessibility links

Ресей ОСК: Навальный сайлауға 2028 жылдан ары қарай түсе алады


Элла Памфилова, Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы.
Элла Памфилова, Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный шамамен 2028 жылға дейін президент сайлауына қатыса алмайды деп мәлімдеді Ресей Орталық сайлау комиссиясының басшысы Элла Памфилова.

Сочиде өтіп жатқан жастар фестивалінде Памфилова Навальный мен оның жақтастарын 2018 жылдың наурызында өтетін президент сайлауына түсуге "әуреленбей-ақ қоюы керегін" айтты.

41 жастағы Навальный президент сайлауы жақындған сайын үгіт-насихат кампаниясын жандандыра түскен. Сайлауда президент Владимир Путин қайта түсіп, төртінші мерзімге сайланады деген болжам басым.

Бірақ ОСК маусымда Навальный "Кировлес" ісі бойынша қаржылық қылмыс жасады деп сотталғаны үшін президент сайлауына түсе алмайтынын мәлімдеген. Навальный бұл қылмыстық қудалауды "билік саяси мақсатпен қолдан жасаған" деп санайды.

"Навальный мырза болашағы зор жас саясаткер, оның мүмкіндігі мол" деді Памфилова. Бірақ ол Навальныйды сотталуына байланысты 2028 жылы және одан алты айдан соң ғана президент сайлауына түсе алатынын айтты.

XS
SM
MD
LG