Accessibility links

Қазақстан шекарасында қырғызстандық әскери ұсталды


Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" бекеті. 11 қазан 2017 жыл
Қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" бекеті. 11 қазан 2017 жыл

17 қазанда Қазақстан шекарашыларының Қырғызстан қарулы күштері бас штабының подполковнигі У. А. ныспылы әскериді "есірткімен ұстағаны" хабарланды. Азаттықтың Қырғыз қызметіне Бас штабтың баспасөз хатшысы Темир Токталиев бұл ақпаратты растады.

- Мұндай мәлімет бізге де түсті. Анық-қанығын білгенше ешқандай мәлімет бере алмаймыз, - деді Токталиев.

Әуелгі ақпаратқа сәйкес, подполковникті Қазақстан шекарашылары 15 қазанда «Ак-Жол-автодорожный» өткізу бекетінде ұстаған. Қырғызстандық әскери ҰҚШҰ-ның "Мызғымас бауырластық - 2017" атты оқу-жаттығуына қатысуға бара жатқан. Ұсталған адамға қатысты жаза қолдану тәртібін Қордай аудандық соты анықтамақ.

Қырғызстан қарулы күштерінің бас штабы бұл жағдайға қатысты қызметтік тексеру бастады.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың Қазақстан билігін сынап сөйлеген мәлімдемесінен соң 10 қазаннан бері қазақстандық шекара қызметі "Қордай" бекетіндегі өткізу пункттерінде бақылауды күшейткен. Мұның соңы шекарадан өтушілерді іркілтіп, қиындыққа душар еткен.

XS
SM
MD
LG