Accessibility links

Қырғызстан 18 қазаннан бастап Талас облысы Кара-Буура ауданындағы Киров су қоймасының суын толығымен жібереді. Қырғызстан ауыл, су және тамақ өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, Киров су қоймасына жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Талас су қоймасындағы судың 12 пайызын ғана Қырғызстан, ал қалғанын Қазақстан пайдаланып келген. Қырғызстандағы бұл қойма 1975 жылы салынған.

Министрлік жөндеу жұмыстары туралы Қырғызстандағы Талас облысы, Манас ауданындағы және Қазақстандағы Шу-Талас аймағындағы су инспекциясына ескерткен.

Су қоймасының жөндеу жұмыстары Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында туындаған мәселемен тұспа-тұс келді.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG