Accessibility links

Астанада аймақтық БАҚ өкілдерінің біліктілігін арттыру семинары өтті


Астанада өткен "Қазақстандық телеарналар контентінде цифрлық технологияларды қолдану" атты бірінші аймақты форумына қатысушылар. 17 қазан 2017 жыл.

Астанада "Қазақстандық телеарналар контентінде цифрлық технологияларды қолдану" атты бірінші аймақты форум өтті. Форум аясында аймақтық БАҚ өкілдері қатысқан арнайы семинар ұйымдастырылды.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл іс-шара өзара тәжірибе алмасу және цифрлық технологиялар саласындағы жаңа тенденцияларды талқылау алаңына айналды.

"Біз өткізіп жатқан іс-шараның жүзеге асуына жауаптымыз. Жоба тоғыз айға жоспарланған. Бірінші бөлімде, мобильді журналистикада жаңа технологиялардың қолданылуы, телекомпаниялардың, әсіресе аймақтық телекомпаниялардың ғаламторда дамуы үшін заманауи құралдарды қолдану әдістері жайында сөз қозғаймыз" деді "Құқықтық медиа орталық" үкіметтік емес ұйымының директоры Диана Окремова.

Семинар барысында жаттықтырушылар ретінде ВВС-дің және украиндық "1+1" атпен танымал компанияның өкілдері шақыртылды.

"Аймақтық телеарналарды алып отырмыз. Себебі, олардың дамуы өте баяу. Мысалы, республикалық телеарналардың техникалық мүмкіндіктері зор, жұмыс істейтін кадрлары да аса білікті. Ал, аймақтық телеарналардың ондай мүмкіндіктері бола бермейді және түрлі оқулардан өту мүмкіндігі аз" деді Диана Окремова.

Оның сөзінше, семинардың екінші бөлімі мемлекеттік органдар баспасөз-хатшыларының біліктілігін арттыруға арналған.

Форумға аймақтық телеарналардың 20-дан астам өкілі және парламент пен өзге мемлекеттік органдардың қызметкерлері және түрлі ұйымдардың сарапшылары қатысты.

Іс-шара медиа саласының дамуымен бірнеше жыл қатарынан айналысып келе жатқан Ұлыбританиялық Thomson қорының қаржылаq қолдауымен өтті.

XS
SM
MD
LG