Accessibility links

Сирияда коалиция күштері ИМ содырларын Раккадан шығарды


Раккада жүрген "Сирия демократиялық күштерінің" жасақтары. 17 қазан 2017 жыл.
Раккада жүрген "Сирия демократиялық күштерінің" жасақтары. 17 қазан 2017 жыл.

Сирияда АҚШ қолдау көрсететін коалиция 17 қазан күні Ракка қаласынан "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мүшелерін шығарғанын мәлімдеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, коалиция төрт айға созылған күресте Раккаға туын тіккен.

Ракканы азат еткен "Сирия демократиялық күштерінің" қолбасшысы Ройд Фел қазір күрд және араб жасақтары қаланы минадан тазалауға кіріскенін хабарлады. Ракканы алғаны туралы ресми мәлімдеме қалада жасырынған ИМ жақтастары мен содырлар қойып кеткен миналарды түгел тазалап болған соң жарияланбақ.

Ракканы алу "Ислам мемлекеті" қозғалысының күйреуі болып саналады. Дәл осы қалада 2014 жылы жихадшылар жеңіс парадын өткізген. Биыл "Ислам мемлекеті" қозғалысы Сирияда және Иракта басып алған көп аумағынан айырылған. Сирияда жихадшылар Евфрат жазығы мен оның маңындағы шөлді аймақтарға қарай ығысты.

XS
SM
MD
LG