M6 телеарнасының хабарлауынша, Францияның солтүстігіндегі Сен-Сен-Дени департаментінде және Марсельде 17-25 жас аралығындағы он адам ұсталған.
Ақпарат агенттіктерінің сот өкіліне сілтеме жасап хабарлауынша, тергеу ультраоңшылдардың елдегі мешіттердің біріне шабуыл жасауды жоспарлаған деп санайды.
Reuters агенттігінің ақпаратына қарағанда, ұсталғандар әлдебір саясаткерге, я мигрантқа, немесе есірткі дилеріне шабуыл жасауға дайындалған.
Францияда соңғы үш жылды исламшыл содырлар жасаған терактілерден 230-дан астам адам құрбан болды. Парижде 2015 жылы қарашада болған шабуылдар мен жарылыстардан соң елде төтенше жағдай жарияланған.