Accessibility links

Мәскеу соты Серебренниковті үйқамақта ұстау мерзімін ұзартты


Режиссер Кирилл Серебренников сот залында отыр. Мәскеу, 17 қазан 2017 жыл.
Режиссер Кирилл Серебренников сот залында отыр. Мәскеу, 17 қазан 2017 жыл.

Мәскеудің Басманный соты "Седьмая студия" театр тобындағы қаржы жымқыру ісі бойынша күдіктілерді бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс редакциясы.

Режиссер Кирилл Серебренников, "Седьмая студияның" бұрынғы бас директоры Юрий Итин мен компанияның бас есепшісі Нина Масляева 2018 жылдың 19 қаңтарына дейін үйқамақта қалмақ. "Гоголь-центр" театрының бұрынғы директоры Алексей Малобродский да осы мерзімге дейін тергеу абақтысында болмақ.

Бұған дейін сот іс материалдарына куәгер Лариса Войкинаның жауабын қосқан. Ол 2014 жылы желтоқсанда Екатерина Боронованың тапсырмасымен "Седьмая студияның" қаржылық құжаттарын жойғанын айтқан. Сот отырысында Серебренников "Седьмая студияның" бухгалтериясында "бей-берекетсіздік басып кеткенін" мойындаған. Дегенмен режиссер іс материалында компанияда қаржы жымқырылғанына айғақ жоғын айтқан.

Малобродский, Серебренников, Итин мен Масляев "Седьмая студия" театр тобына бөлінген бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр. Бұлардан өзге продюсер Екатерина Воронова да сотқа тартылып жатыр. Оған халықаралық іздеу жарияланған.

Қазанның басында сот Масляевті үйқамаққа алған. Ол тергеуге болысатыны туралы келісім жасасып, Серебренников пен Малобродскийге қатысты жауап берген.

XS
SM
MD
LG