Accessibility links

Сорос қаржысының көбін "Ашық қоғам" қорына берді


Джордж Сорос, америкалық миллиардер, филантроп
Джордж Сорос, америкалық миллиардер, филантроп

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, филантроп Джордж Сорос байлығының көбін - 18 миллиард долларын өзі құрған "Ашық қоғам" қайырымдылық ұйымына берді. Бұл қоғам осылайша әлемдегі ең ірі қайырымдылық ұйымдарының біріне айналды.

The Wall Street Journal басылымының хабарлауынша, Сорос бөлген қаржы "Ашық қоғам" ұйымын АҚШ-тағы капитал көлемі жағынан Билл Гейтс пен Мелинда Гейтс атындағы қордан кейінгі ең ірі қайырымдылық құрылымына айналдырады. Гейтстер құрған қорда шамамен 40 миллиард доллар қаржы бар. "Ашық қоғам" босқындарға көмек көрсетуге, қоғамдық денсаулық сақтаудың дамуына қаржылай демеу көрсетеді, құқық қорғау ұйымдарын қолдайды, экономикалық реформалар жүргізуге көмектеседі. Ондаған елде жұмыс істейтін қор жыл сайын бір миллиард долларға жуық қаржы жұмсайды.

"Ашық қоғам" қорының хабарлауынша, жақын болашақта қор қызметін кеңейту жоспары жоқ. Қор капиталын бұрынғыдай Джордж Соростың өзінің қаржы фирмасы басқара береді.

Сорос қорының шетелдегі алғашқы бөлімі миллиардер туған мемлекет Венгрияда ашылған. Бірақ соңғы уақытта Соростың Венгрия үкіметімен қарым-қатынасы күрт нашарлады. "Ашық қоғам" 1995 жылдан Ресейде жұмыс істей бастады. Ол Ресейде ғылымды қолдауға 100 миллион доллардан астам қаржы бөлді, Ресейдің 33 университетінде интернет орталықтарын құруды қаржыландырды, кітапханаларына кітап алып берді, ресейлік коммерциялық емес ұйымдар мен тәуелсіз БАҚ-қа көмектесті. 2015 жылы қор Ресейдегі "шетел агенті" туралы заң бойынша "ұнамсыз ұйымдар" тізіміне енгізілді.

XS
SM
MD
LG