Accessibility links

Астана: Киров су қоймасының суын қабылдап алуға дайынбыз


Қырғызстандағы Киров су қоймасы.
Қырғызстандағы Киров су қоймасы.

Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Қырғызстанның Талас облысында орналасқан Киров су қоймасында жөндеу жүргізілетіні туралы Қазақстанға алдын ала ескерткілгенін мәлімдеді.

Tengrinews.kz ақпараттық сайтының хабарлауынша, Иманқұлов сонымен қатар Қазақстанның су қоймасынан жіберілетін қосымша суды тосып алуға даяр екенін де айтты. "Қазақстанның кезекші қызметтері дайын отыр. Әзірге су жіберілген жоқ. Су бүгін жіберіледі деп жосапрланған. Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрігі уақытын қосымша хабарлайды. Біз олардың кезекшілері қызметтерімен байланысып отырмыз" деді комитет өкілі.

Шу-Талас бассейні инспекциясының мәліметінше, қазір Киров су қоймасына 19 миллион текше метр су жиналған. Қойманың сыйымдылығы 550 миллион текше мет. Қырғызстан билігі кеше 18 қазанда су қоймасының бөгеттерін жөндеу үшін суды толығымен жіберетінін хабарлаған.

Су қоймасы Талас облысының Манас және Кара-Буура аудандарының арасында, Қазақстанмен шекарадан ондаған километрде орналасқан.

Су қоймасындағы судың 12 пайызын ғана Қырғызстан, ал қалғанын Қазақстан пайдаланып келген. Қырғызстандағы бұл қойма 1975 жылы салынған.

Су қоймасының жөндеу жұмыстары Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында туындаған мәселемен тұспа-тұс келді.

XS
SM
MD
LG