Accessibility links

Қытай Коммунистік партиясының съезі басталды


Қытай төрағасы Си Цзиньпин Коммунистік партия съезінің ашылуында сөйлеп тұр. Пекин, 18 қазан 2017 жыл.
Қытай төрағасы Си Цзиньпин Коммунистік партия съезінің ашылуында сөйлеп тұр. Пекин, 18 қазан 2017 жыл.

Пекинде Қытай Коммунистік партиясының 19-құрылтайы басталды. Съездің ашылуында компартия бас хатшысы, Қытай төрағасы Си Цзиньпин баяндама жасады. Съезге келген 2300 делегаттың алдында сөйлеген Цзиньпин партия басшылығының саяси реформа жасау немесе бір партиялық жүйені өзгерту жоспары жоғын мәлімдеді. Ол сонымен қатар сепаратизмнен сақтану қажетін айтып, партияның коррупцияның кез-келген түріне төзбейтінін жеткізді.

Цзиньпиннің сөзінше, Қытай икемсіздік пен тоқырауға ұшырамас үшін өзгерістер мен инновацияға дайын болуы тиіс. Қытай басшысы алдағы бес жылда "қытай ерекшелігі бар социализм" 14 негізгі принцип бойынша дамитынын мәлімдеді. Цзиньпин ол принциптер арасында "барлық салада партия жетекші рөл атқару" басты орында тұрғанын айтты.

Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясы коррупцияға қарсы іс-қимылын барынша реформалау аясында "шуанги" деп аталатын құпия тергеу тәжірибесінен бас тартатынын айтты.

Съезде партияның жоғарғы органы - Саяси бюроның тұрақты комитеті мен партияның өзінің кадр құрамы жаңарады деген болжам бар. Батыстық бақылаушылар 2012 жылдан бері Қытай төрағасы болып келе жатқан Си Цзиньпин съезде билігін нығайтып, екінші бес жылдық мерзімге сайланады деген болжам айтады.

XS
SM
MD
LG