Accessibility links

Киевте демонстранттарды Жоғарғы Рада алдын босатуға шақырды


Украина парламенті маңына тігілген шатырлар мен оның күзетіп жүрген демонстранттар. Киев, 18 қазан 2017 жыл.
Украина парламенті маңына тігілген шатырлар мен оның күзетіп жүрген демонстранттар. Киев, 18 қазан 2017 жыл.

Украина Жоғарғы Радасының спикері Андрей Парубий Киевтегі демонстранттарды парламенттегі кіреберісті босатуға шақырды. Ол сонымен қатар наразылықты ұйымдастырушылардан депутаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. "Украинская правда" басылымының хабарлауынша, сәрсенбідегі парламент отырысында Паруби Жоғарғы Радаға кіреберісті жабу мен депутаттарға шабуыл жасауды "құптарлық іс емесін" мәлімдеген.

18 қазанда Жоғарғы Рада алдында Украинада саяси реформалар жүргізуді талап еткен акция жалғасты. Кеше акцияға қатысушылар парламент маңына шатырлар тіккен. Полиция белсенділердің әрекетіне тосқауыл қоймақ болып, екі жақ арасындағы қақтығыста төрт адам, оның ішінде полиция қызметкері жараланған. Кейін Украина бас прокуроры Юрий Луценко күш құрылымдарының қызметкерлері Жоғарғы Рада маңындағы белсенділердің шатырларын бұзбайтынын мәлімдеген. "Бейбіт қарсылық акцияларын өткізу құқығы - "Майданның" ең басты жетістіктерінің бірі" деп жазды Луценко Facebook-те.

Киевте депутаттардың қол сұғылмаушылық құқығын жою, сайлау заңдарын өзгертіп, антикоррупциялық сот құруды талап еткен акция 17 қазанда басталған. Акцияға екі мыңнан төрт мыңға дейін адам қатысып жатқаны туралы әрқилы мәлімет бар. Акцияны ұйымдастырушылардың бірі, Одесса облысының бұрынғы губернаторы және грузияның экс-президенті Михаил Саакашвили митингіде Украина президенті Петр Порошенконы отставкаға кетуге шақырды.

Украина Жоғарғы Радасы 19 қазанда депутаттардың қол сұғылмаушылық құқығын жою мәселесін қарайды.

XS
SM
MD
LG