Accessibility links

БАҚ: Үндістан АЭС-ке Өзбекстан уранын сатып алмақ


Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.
Шавкат Мирзияев, Өзбекстан президенті.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өзбек уранын Үндістанға жеткізу мәселесін үнді премьері Нарендра Модимен Астанада өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) саммитіндегі кездесуінде талқылаған.

Үндістандық The Economic Times газетінің мәліметі бойынша, Үндістан өзінің атом электр станциялары үшін уран сатып алу туралы Өзбекстанмен келіссөздер жүргізіп келеді.

"Өзбекстан әлемде уран экспорттау жөнінен жетінші орын алады, ол Үндістанның стратегиялық уран қорын құрудағы басты ойыншыға айналады" делінген газет материалында.

"Осы кездесуде Өзбекстан президенті байланысты жаңа деңгейге көтеруге кірісті... Астанадағы кездесу екі жақты қарым-қатынастарды өзгерткен сәт болды және Өзбекстан Үндістанның көбірек инвестиция салғанын қалайтын жаңа кезең басталды" деді өзбек-үнді қатынасыының дамуымен таныс дереккөзі.

Өзбекстан делегациясы уран сату мәселесін талқылау үшін Үндістанға биыл тамыз айында сапармен барған.

Астанада маусымда өткен ШЫҰ саммитінде ұйым құрамына Үндістан мен Пәкістан қабылданған. Бұл екі ел мемлекет те ядролық қаруға ие және екеуінің арасында реттелмеген территория дауы бар.

XS
SM
MD
LG