Accessibility links

Украина Ресейден ұсталған азаматы туралы ақпарат талап етті


Дондағы Ростов қаласындағы сот.
Дондағы Ростов қаласындағы сот.

Украинаның Дондағы Ростов облысының бас консулдығы Ресейден украин азаматы Роман Треновскийді тұтқындауының мән-жайын түсіндіруді және оған консулды кіргізуді талап етті. Бұл туралы Украина сыртқы істер министрлігінің жоғары шенді қызметкері Василий Кириличке сілтеме жасаған УНН агенттігі хабарлады.

18 қазанда Дондағы Ростов облысында украин азаматы Роман Терновскийдің ұсталғаны, Ресей Тергеу комитеті мен Федералдық қауіпсіздік қызметі оны Ресейде тыйым салынған "Оңшыл сектор" ұйымына қатысы бар деп айыптайтыны хабарланған.

ТАСС агенттігі Тергеу комитетінің өкілі Светлана Петренкоға сілтеме жасап, соттың Терновскийді қамауға алғанын хабарлаған. Тергеу мәліметінше, ол "Оңшыл сектордың" Украинада өткізген митингілері мен басқа да акцияларына қатысқан, осы ұйымды әлеуметтік желілерде насихаттаумен айналысқан. Петренконың сөзінше, Терновский тұрған пәтерді тінту кезінде "Оңшыл сектор" ұйымының символдары бар киім мен басқа да заттар табылған. Тергеу оның іс-әрекетін Ресейдің мүддесіне қарсы деп бағалап, экстремистік іс-қимыл жасады деп айыптап отыр.

XS
SM
MD
LG