Accessibility links

Жезқазғанда автобус өртеніп, екі адам күйіп қалды


Қарағанды облысының картасы (Көрнекі сурет).
Қарағанды облысының картасы (Көрнекі сурет).

Жезқазғанда 18 қазанда жолаушылар автобус түгі қалмай өртеніп, жүргізушісі мен кондукторы күйік шалып ауруханаға түсті деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Жезқазған - Қарағанды облысына қарайтын қала.

Төтенше оқиғаға куә болғандардың әлеуметтік желілерде жариялаған видеосында өртеніп жатқан автобус пен сол маңда жүрген өрт сөндіру көліктері байқалады.

Куәгерлердің айтуына қарағанда, ПАЗ маркалы автобус аурухана кешені ауданында өртенген. Өрт туралы хабар өрт сөндіру қызметіне шамамен кешкі сағат жетіде түскен. Өрт кезінде автобуста жолаушылар болмаған.

Өрт сағат 19:42-де сөндірілген. Автобустың 22 жастағы жүргізушісі мен 21 жастағы кондукторы өртті өз бетімен сөндіруге тырысқан. Бірақ күйік шалып, жергілікті ауруханаға жеткізілген .Өрттің неден шыққаны әзірге хабарланбады.

XS
SM
MD
LG