Accessibility links

Тәжікстанда танымал дәрігер "салафилермен байланысы бар" деп айыпталды


Абдумалик Саломов, Соғды облысындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының дәрігері.
Абдумалик Саломов, Соғды облысындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының дәрігері.

Тәжікстанда Соғды облыстық Жүрек-қан тамырлары хирургиясы орталығының қызметкері Абдумалик Саломов "Салафия" діни ағымына байланысы бар деген күдікпен ұсталды деп хабарлады Азаттықтың Тәжік редакциясы (Радио Озоди).

Танымал кардиохирург өткен айдың соңынан бері Худжандтағы тергеу абақтысында отыр.

Тергеуді Тәжікстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің Соғды облыстық басқармасының қызметкерлері жүргізіп жатыр. Облыстық прокуратура кардиохирургтың ұсталғанын растады.

Радио Озодидің облыс прокуратурасындағы дереккөзі тергеу 41 жастағы Абдумалик Саломовтың "Салафия" ағымының жергілікті өкілдерінің жиынына қатысқан деп білетінін айтқан. Бірақ дәрігерге қандай айып тағылғаны әзірге белгісіз.

Абдумалик Саломовтың ұсталғаны оның әріптестері үшін күтпеген оқиға болды. "Саломов өте жақсы маман. Оның қажылыққа барғанын білемін, бірақ салафилермен байланысы бар дегенге сену қиын. Оның мінезі өте жұмсақ адам" деді бөлім жетекшісі Мубинджон Иноятов.

Тәжікстанда салафилік ағымға қатысы бар деген айыппен ондаған адам сотталған.

XS
SM
MD
LG