Accessibility links

Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді


Қуандық Бишімбаев, бұрынғы ұлттық экономика министрі.

Қазақстанның бұрынғы ұлттық экономика министрі, қаржы жымқырды деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтің ісі сотқа жөнелтілді деп хабарлады 19 қазанда Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған жергілікті агенттіктер. Баспасөз қызметі іс бойынша ақпарат жарияланбайтынын айтады.

Сот актілері жөніндегі базадағы ақпарат бойынша, арасында Қуандық Бишімбаев пен "Бәйтерек DEVELOPMENT" компаниясы төрағасының орынбасары Асылан Жақыповтың аты-жөні бар 20-дан астам адамның ісі 18 қазан күні Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбековке жіберілген.

Пара алды деген күдікке ілінген Бишімбаев Астана қалалық ішкі істер департаментінің уақытша қамау изоляторында отыр. Ол қаңтардың 10-ы күні "топ болып алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алу фактісі" бойынша ұсталған. Екі күннен соң ол Астананың Алматы аудандық сотының санкциясы бойынша қамалған.

Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметінен 2016 жылдың желтоқсанында коррупцияға қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" ұлттық компаниясы қатысты тергеу бастаған соң босатылған. Компания Бишімбаев 2013 жылдың мамырынан 2016 жылдың мамырына дейін басқарған "Бәйтерек" холдингі құрамына кіреді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG