Accessibility links

Кандагарда шабуылдан 43 ауған сарбазы қаза тапты


Кандагар уәлаятының Майванд ауданына баратын жолда адамдарды тексеріп тұрған ауған әскери қызметкері. Ауғанстан. 19 қазан 2017 жыл.

Ауғанстан қорғаныс министрлігі елдің оңтүстігіндегі Кандагар уәлаятында талибтердің әскери лагерге жасаған шабуылынан 43 ауған әскери қызметкері қаза тауып, тоғызы жараланғанын хабарлады.

Министрлік ресми өкілі Давлат Вазери Азаттықтың Ауған редакциясына 19 қазанда Майванд ауданындағы ауған армиясының базасы маңында жанкешті терроршы жарылғыш зат толтырылған көлікті жарып жібергенін, одан соң бірнеше содыр базаға шабуыл жасағанын хабарлады. Шауылдан соң алты сарбаз із-түзсіз жоғалған.

Аты-жөнін айтпаған шенеунік базаға қосымша күш келіп жеткендіктен содырлардың базаны жойып жібере алмағанын хабарлады. Ауғанстан қорғаныс министрлігі шабуыл болғанын растады, бірақ құрбандар санын айтудан бас тартты. Шабуыл жауапкершілігін "Талибан" қозғалысы мойнына алды.

НАТО 2014 жылы Ауғанстаннан әскерінің көп бөлігін әкеткен соң Кабулдағы батысшыл үкімет бүлікшілер шабуылдарына тойтарыс беруге талпынып келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG