Accessibility links

Астанада белсенділер президент көмекшісімен кездестіруді талап етті


Президент әкімшілігі мен үкімет кеңсесі ғимаратындағы тақтайша. Астана, 19 қазан 2017 жыл.
Президент әкімшілігі мен үкімет кеңсесі ғимаратындағы тақтайша. Астана, 19 қазан 2017 жыл.

Астанада бейсенбіде өздерін "Әділеттілік үшін" қозғалысының өкілдеріміз деп атаған төрт белсенді президент әкімшілігі мен үкімет кеңсесінің қабылдауына барды. Олардың екеуі Алматыдан барған. Белсенділер өздерінің "сот-құқықтық жүйесінен зардап шеккенін", бірақ әрқайсысының проблемасы әрқилы екенін және олардың барлығы сот пен прокуратураның өз құқықтары бұзуымен байланысты екенін айтады.

Белсенділерді президент әкімшілігі Қауіпсіздік кеңесінің ситуациялық орталығының меңгерушісі Ерлан Абдақасов қабылдады. Оның қабылдауына "Әділеттілік үшін" қозғалысының төрт белсендісі ғана емес, олармен бір уақытта канцелярияға барып, кездесуін күтіп тұрған басқа алты адам да кірді.

Бірақ белсенділер президент әкімшілігі өкілімен диалог орната алмады. Кездесуге қатысып отырғандардың кейбірі жиналғандардың атынан сөйлеп тұрғанын айтып, президенттің көмекшісі әрі Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақановпен кездестіруді талап етті.

Ерлан Абдақасов оларға Жұмақановтың жиналыста екенін және оның қабылдауына қай күні жазылуға болатыны белгісіз екенін айтып, онымен кездесу мүмкін емесін жеткізді. Бұл сөзден соң кездесуге кіргендердің екеуі айқайлап, 2009 жылдан бері өздерінің ісін қарауды күтіп жүргендерін айтты. Осы уақытта өзге азаматтар Абдақасовқа арыздарын тапсырды.

Кездесуге жіберілген Азаттық тілшісінің суретке түсіретін және жазба жасайтын аппарат қолдануына рұқсат бермеді.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG