Accessibility links

"Астана" Израильдің "Маккаби" командасын жеңді


"Астана" футболшылары. Астана. 19 қазан 2017 жыл.
"Астана" футболшылары. Астана. 19 қазан 2017 жыл.

Қазақстандық "Астана" футбол командасы Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі екінші матчында израильдік "Маккаби" клубын 4:0 есебімен жеңді.

"Астана арена" стадионында өткен матчта "Астана" құрамындағы ганалық легионер Патрик Твумаси мен Демократиялық Конго республикасының футболшысы Жуниор Калонджи Кабананга екі-екі голдан салды.

Бұл - "Астананың" Еуропа лигасы топтық кезеңіндегі алғашқы жеңісі. Клуб осыған дейінгі ойындарда тең түскен немесе жеңілген.

Қазақстандық клуб үш ойыннан кейін төрт ұпаймен үшінші орында келеді. Команда осыған дейін испаниялық "Вильярреалдан" жеңіліп, чехиялық "Славия" клубымен тең түскен. "Астана" енді 2 қарашада Тел-Авивте "Маккабимен" ойнайды.

XS
SM
MD
LG