Accessibility links

Ақтөбе әкімдігі: Жат ағымды ұстанған 80 адам дәстүрлі дінге оралды


Ақтөбедегі орталық мешіт (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі орталық мешіт (Көрнекі сурет).

Биыл Ақтөбе қаласының "жат ағымды" ұстанып келген 80 тұрғыны дәстүрлі исламға оралған. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

"19 қазан күні қала әкімдігінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты жиын өтті. Осы жиында жергілікті имамдар мен теологтар жыл басынан бергі жұмыстарын қортындылады. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жалғасады" делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, бұл жиында Ақтөбе қаласы аумағында террорлық қауіп-қатер тұрғысынан осал 400 нысан бары да айтылған. Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, бұл нысандардың үштен біріне терроризмнен жеткілікті деңгейде қорғалмауына байланысты кемшіліктерді тез арада жою жөнінде алдын ала ұйғарым шығарылған.

XS
SM
MD
LG