Accessibility links

Өзбекстанда 11 жыл түрмеде отырған оппозиция белсендісі босатылды


Оппозициялық "Бирлик" партиясының Наманган облыстық бөлімінің жетекшісі Мұхаммедәли Корабоевтің түрмеден шыққан сәті. Өзбекстан, 19 қазан 2017 жыл.
Оппозициялық "Бирлик" партиясының Наманган облыстық бөлімінің жетекшісі Мұхаммедәли Корабоевтің түрмеден шыққан сәті. Өзбекстан, 19 қазан 2017 жыл.

Өзбекстанда тыйым салынған оппозициялық "Бирлик" партиясының Наманган облыстық бөлімшесінің бұрынғы төрағасы Мұхаммедәли Корабоев 11 жыл түрмеде отырып шықты.

2006 жылы бопсалау айыбы тағылып бес жарым жылға сотталған Корабоевтің қамау мерзімі тағы екі мәрте ұзартылған. Осылайша билік оны қамаудан шығармай келді.

70 жастағы Мұхаммадали Корабоев Навои қаласындағы колониядан 18 қазанда босап шықты.

Ташкенттегі "Эзгулик" адам құқығын қорғау ұйымының басшысы Василий Иноятовтың Facebook парақшасында хабарлауынша, Корабоевті құқық қорғау қоғамының кепіл хатынан соң босатқан.

Бостандыққа шыққан Корабоев түрмеде мерзімін неге екі мәрте ұзартқанын түсіндірді.

"Маған қарсы қозғалған қылмыстық істі қолдан жасады. Колонияда мені әкімшілік талаптарына бағынбады деп айыптап, тағы жаза қосты. Шындығына келгенде, бұл бап саяси және діни мотивпен сотталғандарға қолданылады. Мені әуелі бес жарым жылға соттаса, мен темір торда 11 жыл екі ай отырып шықтым" деді ол.

Корабоевтің пікірінше, оның бостандыққа шығуы Өзбекстанда демократиялық өзгерістер болып жатқанын білдіреді.

XS
SM
MD
LG