Accessibility links

Қырымда гей парад өткізу туралы бес өтініш те қабылданбады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей аннексиялап алған Қырымның бес қаласында билік белсенді Николай Алексеевтің гей парад өткізу туралы өтінішін қабылдамай тастады. Белсендінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлауынша, Симферополь, Керчь, Феодосия, Джанкой және Армянск қалаларында пикет және шеру өткізуге рұқсат берілмеген.

Алексеев жыл бойы ЛГБТ шерулерін өткізу туралы Ресейдің көп қаласында өтініш білдірген. Бірақ жергілікті билік орындары "дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтау" және балаларды "зиян келтіретін ақпараттан қорғау" қажеттігі айтып, немесе мүлдем түсінік берместен олардың бір де біреуіне келісім бермеген.

Еуропаның адам құқықтары жөніндегі соты Ресейдің кәмелетке толмағандар арасында дәстүрлі емес жыныстық байланысты насихаттауға тыйым салатын заңын "кемсітушілік сипатта" деп таныған.

XS
SM
MD
LG