Accessibility links

АҚШ-та интернетте саяси жарнама берудің жаңа ережесін ұсынды


Америкалық сенаторлар Джон Маккейн (сол жақта) және Эми Клобучар.
Америкалық сенаторлар Джон Маккейн (сол жақта) және Эми Клобучар.

Америкалық үш сенатор АҚШ сайлауына шетелдердің ықтимал килігуінің алдын алу мақсатында әлеуметтік желілерде ақылы саяси жарнама берудің жаңа ережелері туралы заң жобасын ұсынды.

"Жекеменшік жарнама туралы" жаңа заң жобасы телеарна, ражио және газет-журналдар сияқты танымал интернет платформаларын жарнаманы кім бергені туралы ақпаратты жариялауға міндеттемек. Бұл әрекет Ресей өткен жылы АҚШ-та өткен президент сайлауына ықпал ету үшін интернетте құпия жарнаманы қолданды деген болжамға жауап ретінде жасалып отыр.

Құжатты демократтар Марк Уорнер мен Эми Клобучар және республикашыл Джон Маккейн дайындаған.

Баспасөз конференциясында сөйлеген Клобушар заңнаманы жаңа технологияға сай қылу қажетін, себебі Ресей "соғыс жүргізудің дәстүрлі емес тәсілдерін қолданып" АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп отырғанын айтты.

19 қазанда АҚШ-тың БҰҰ-дағы тұрақты уәкілі Никки Хейли Ресейдің АҚШ-тағы сайлауға килігуін "соғыс жүргізу" деп атаған.

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық барлау қызметінің Ресей 2016 жылғы сайлауға килікті деген тұжымырына күмән келтірген. Бұған жауап ретінде Трамптың сайлауалды кампаниясы ен Ресей билігінің өкілдері арасында әлдебір астыртын байланыс болуы ықтималдығын тексеру басталған.

XS
SM
MD
LG