Accessibility links

Прокуратура: Өз-өзіне пышақ салған кәсіпкердің ісін бақылауға алдық


Ақтөбе облысының прокуратурасы (Көрнекі сурет).
Ақтөбе облысының прокуратурасы (Көрнекі сурет).

Ақтөбеде жеке көлігімен "газ құятын бекетке соғылып өлмек болған" кәсіпкердің ісін облыстық прокуратура бақылауына алды. Бұл туралы бүгін Ақтөбе облыстық прокуратурасының аппарат жетекшісі Жасұлан Дәулембаев хабарлады. Прокуратураның мәліметінше, бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің екі бабы - "өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" және "бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Toyota Hilux маркалы көлігімен газ құю бекетін барып соққан 39 жастағы кәсіпкер қазір Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында жатыр. Кей деректерге қарағанда, газ толы цистернаны соғып, жарылыс жасамақ болған ол алғашқы жоспарын жүзеге асыра алмағандықтан өз-өзіне пышақ салған. Дәрігерлер "тергеу мүддесіне қайшы" деген уәжбен науқастың денсаулығы туралы ақпарат беруден бас тартып отыр.

Жасұлан Дәулембаев "Бұл азаматты ажалға итермелеген не нәрсе екені әзір белгісіз. Өйткені, ол қазір ауруханада ем алып жатыр. Ал қылмыстық іс соталды өндірісінде тұр" дейді.

XS
SM
MD
LG