Accessibility links

Зерттеу: Әлемде жыл сайын ластанудан 9 миллион адам дүние салады


Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында түтіннен сақтанып, маска киіп алған әйел (Көрнекі сурет).
Қытайдың солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян провинциясында түтіннен сақтанып, маска киіп алған әйел (Көрнекі сурет).

Британдық The Lancet медициналық журналы әлемде ластанудан жыл сайын кем дегенде 9 миллион адам мезгілсіз көз жұматыны және жылына 5.5 триллион доллар шығын келтіретіні туралы зерттеуін жариялады.

20 қазанда жарияланған зерттеуде 2015 жылы әлемде мезгілсіз қайтыс болған әр алтыншы адамның өліміне ауаның, судың немесе топырақтың ластануы әсер еткені айтылады.

Ластанудан көз жұмған 9 миллион адам жыл сайын СПИД-тен, туберкулезден, және безгектен қайтыс болғандардың санынан үш есеге, ал соғыс пен зорлық-зомбылықтың өзге де түрлерінен қаза тапқан адамдардың санынан 15 есеге көп.

The Lancet ауа, су және топырақтың ластануынан туныдайтын аурулар мен адам өлімі туралы зерттеуді бірінші рет жасап отыр.

Зерттеу жетекшісі, эпидемиолог ғалым Филип Ландриган Associated Press агенттігіне ластанудың "көзге көрініп, сезілмейтін үлкен проблема екенін айтты.

Әлем елдері арасында ластану салдарынан мезгілсіз қайтыс болғандар саны жағынан бірінші орында Үндістан, екінші орында Қытай тұр. Үндістанда 2015 жылы ластану әсерінен 2.5 миллион, Қытайда 1.8 миллион адам көз жұмған.

Зерттеуде Пәкістан, Бангладеш, Солтүстік Корея, Оңтүстік Судан және Гаити де қамтылған.

XS
SM
MD
LG