Accessibility links

Шымкентте қоқыстан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

20 қазанда Шымкенттегі Абай ауданының аумағында орналасқан қоқыс полигонынан жаңа туған нәрестенің өлі денесі табылды. Бұл ақпаратты Азаттыққа Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Қаракөзова растады.

Салтанат Қаракөзованың айтуынша, бүгін қоқыс полигонының қызметкерлері қоқыс полигонынан жаңа туған баланың денесін тауып алғаны жөнінде полиция бөліміне хабарлаған. "Оқиға орнында жедел іздестіру тобы жұмыс істеп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Полиция сот алды тергеуді бастады" дейді баспасөз хатшысы.

Қазір нәрестенің анасы іздестіріліп жатыр. "Процессуалдық шешім тағайындалған сараптаманың қорытындысынан соң қабылданады" дейді Салтанат Қаракөзова.

XS
SM
MD
LG