Accessibility links

Қырғызстан Қазақстанның қаржы көмегінен бас тартты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Қырғызстан үкіметі парламентке Қазақстан бермек болған 100 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаржылай көмектен бас тарту туралы заң жобасын жолдады. «Азаттыққа» бұл туралы вице-премьер Дуйшенбек Зилалиев айтты. Оның сөзінше, қырғыз тарабы көмекке мұқтаж емес.

- Қаржы көздерін бюджеттен немесе қазынадан тыс жерден іздейміз, - деді Зилалиев.

Қазақстанның жәрдемінен бас тарту туралы заң жобасын парламентке экономика министрі Артем Новиков таныстырады.

Бұл қаржылай жәрдем туралы келісім былтыр Санкт-Петербургте өткен Жоғарғы Еуразия экономика кеңесінде бекітілген еді. Қазақстан тарабы алғашқы транш ретінде 41 миллион доллар жөнелтіп, бұл қаржыны Қырғызстан үкіметі кеден, көлік, өрт қауіпсіздігі, денсаулық сақтау, санитарлық бақылау инфрақұрылымын жақсартуға жұмсауы керек болған.

XS
SM
MD
LG