Accessibility links

East Wing әуе компаниясының Ан-28 ұшақтарына уақытша шектеу қойды


Санавиацияның Ан-28 ұшағы құлап, борттағы бес адам түгел қаза болған апат орнынан түсірілген видеоның скриншоты. Алматы маңы, 5 қазан 2017 жыл.
Санавиацияның Ан-28 ұшағы құлап, борттағы бес адам түгел қаза болған апат орнынан түсірілген видеоның скриншоты. Алматы маңы, 5 қазан 2017 жыл.

Қазақстанның азаматтық авиация комитеті Алматы қаласының түбінде 3 қазанда санавиацияның Ан-28 ұшағы апатқа ұшырауына байланысты East Wing әуе компаниясының осы типтегі барлық ұшақтарының әуе көтерілуіне уақытша тыйым салды. Бұл туралы бүгін Қазақстан инвестиция және даму министрлігі жанындағы комитет таратқан хабарламада айтылған.

"Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті әуе оқиғасын тексеру жөніндегі комиссия алдын ала жұмысын аяқтағанша және бұл оқиғаның себептерін анықтағанға дейін East Wing әуе компаниясының барлық Ан-28 ұшақтарын пайдалануды тоқтата тұрады" делінген tengrinews сайты келтірген хабарламада.

Қазанның 3-і күні Алматыдан Шымкентке ұшып шыққан East Wing әуе компаниясының Ан-28 ұшағы әуеге көтерілген соң 12 минут өткенде жерге құлап түскен. Ұшақта болған бес адам түгелдей қаза тапқан. Бұл ұшақпен дәрігерлер Шымкенттегі науқас әйелге жәрдем көрсету үшін ұшып шыққан еді. Кейін ол әйел де ОҚО ауруханасының жансақтау бөлімінде жатып қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG