Accessibility links

Ресейде украин журналисі Сущенконың ісі бойынша тергеу аяқталды


Роман Сущенко. Мұрағаттағы сурет.
Роман Сущенко. Мұрағаттағы сурет.

Ресейде «тыңшылық» айыбы тағылған украиналық журналист Роман Сущенкоға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды деп хабарлады адвокат Марк Фейгин. Оның сөзінше, іс қарашаның соңына дейін прокуратураға жіберілмек.

Фейгиннің ақпараты бойынша, келесі жылдың басында журналистің ісі Мәскеу қалалық сотына түседі. Бұл іс «мемлекеттік құпияға» қатысты болғандықтан сот отырысы жабық өтеді.

"Укринформ" ақпарат агенттігінің Франциядағы меншікті тілшісі болып істеген Роман Сущенконы бір жыл бұрын Мәскеуге жеке сапармен келген кезде ұстаған. Кейін оған «тыңшылық» деген айып таққан. Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФСБ) долбары бойынша, «Сущенко – Украина қорғаныс министрлігінің қызметкері, ол Мәскеуде Ұлттық гвардия мен ресейлік әскерилер жұмысы туралы ақпарат жинаумен айналысқан».

Киев ол айыптауды жоққа шығарған. Роман Сущенко өзіне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG