Accessibility links

Оралда 14 жастағы бала құрдасын аңшы қаруынан атып өлтірген


Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында 14 жастағы оқушы сыныптасын аңшы мылтығынан абайсызда атып өлтірген деп хабарлады Tengrinews сайты. Орал қалалық ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Динара Абдулқалықованың айтуынша, оқиға жұма күні сағат 17:00 шамасында болған.

"Орал қаласында тұратын 2003 жылы туған кәмелет жасына толмаған жасөспірім Деркул кентіндегі тоғанның жанында аңшы мылтығынан 2003 жылы туған кәмелетке жасы жетпеген баланы абайсызда атқан. Кеудесіне бытыра тиіп жараланған әлгі бала облыстық ауруханада қайтыс болған", - деп хабарлады полиция өкілі.

Мектеп ұжымының екі жасөспірімге де "жақсы оқушы" деген мінездеме бергені хабарланды.

XS
SM
MD
LG