Accessibility links

Египетте жихадшылармен атыста ондаған полицей өлген


Каирдегі Тахрир алаңы маңында тұрған полиция қызметкері. Египет, 25 қаңтар 2017 жыл.
Каирдегі Тахрир алаңы маңында тұрған полиция қызметкері. Египет, 25 қаңтар 2017 жыл.

Египетте исламшылдармен болған атыста елуден астам полиция қызметкері қаза тапқаны туралы Reuters хабарлады. Египет ішкі істер министрлігі полиция қызметкерлерінің қазаға ұшырағаны туралы ақпаратты растағанымен олардың саны қанша екенін айтпады.

Египет арнайы қызмет орындарының мәліметі бойынша, Каирден шамамен 140 шақырым қашықтықта, "Хазм" террорлық қозғалысының жасырын позицияларын анықтау операциясы кезінде атыс болған. Жихадшылар полиция мінген көліктерді гранатометпен атып, жолға қойылған миналарды жарған деп хабарланды.

"Хазм" экстремистік тобының Египтте жасалған бірнеше терактіге қатысы бар.

Египеттегі жихадшылардың негізгі күші Синай түбегінде шоғырланған. Египет үкіметінің оларға қарсы күресі бірнеше жыл бойы жалғасып келеді. "Ислам мемлекеті" террорлық тобы өз әскерін жаттықтыру үшін түбекті басып алғысы келеді.

XS
SM
MD
LG