Accessibility links

Польшада коммунизм мұралары жайлы заң өзгертулері күшіне енді


Қызыл армия генералы Иван Черняховскийге Польшада орнатылған ескерткішті алып жатқан жұмысшы. Қыркүйек, 2015 жыл.

Польшада коммунизм мен өзге де тоталитарлық режимдерді насихаттауға тыйым салу туралы заңға енгізілген түзетулер бүгіннен бастап ресми түрде күшіне енді. Заң көшелер мен мекемелерге коммунистік құрылысқа қатысы бар адамдардың немесе оқиғалардың атын беруге тыйым салады. Бұл заң бойныша советтік дәуірден қалған түрлі мүсін, белгілерді алып тастау көзделгендіктен Ресейде оны советтік ескерткіштерді жою заңы деп атайды.

Заң өткен жылғы сәуір айынан қолданысқа енгізілген. Биыл жазда Польша президенті Анджей Дуда ол заңға бірқатар толықтыру енгізу туралы құжатқа қол қойған. Оған сәйкес, алып тастауға жатқызылған ескерткіштер тізімінде енді обелиск, барельеф және естелік тақтайшалар да бар. Кей болжам бойынша, бұл заң бойынша Польшадағы 500-ге жуық мемориалдық нысан орнынан алынуы мүмкін, олардың жартысы – кезінде Қызыл армияның құрметіне орнатылған.

Қалалардағы билік орындары бір жылдың ішінде коммунизм мұрасы деп танылған ескерткіштерді орнынан алып, көшелер мен алаңдарға қайтадан басқаша атау беруді аяқтап үлгеруі тиіс. Олардың арасында Польшада совет жауынгерлеріне қойылған ескерткіштер де бар. Заң талаптары қаза тапқан Қызыл армия жауынгерлері жерленген зираттарға жүрмейді.

Ресей аталған заң – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Польша жерін азат ету жолында құрбан болған Қызыл армияның 600 мың сарбазына деген қастер мен құрметті қорлау деп санайды. Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрлігі Польшада жаңадан қабылданған заңды саналы түрде жасалған арандатушылық деп атап, Польшаға қатысты "үйлесімді сипаттағы" шаралар қабылдануы мүмкін деп мәлімдеген.

Пікіріңіз

Оқырман пікірлері

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG