Accessibility links

Мюнхенде белгісіз біреу пышақпен жұртқа шабуылдаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Германияның Мюнхен қаласының шығыс бөлігінде белгісіз біреу пышақпен көшедегі адамдарға шабуылдаған. Бұл туралы хабарлаған Мюнхен полициясы шабуыл жасалған аудандағы адамдарға үйінен шықпауға кеңес берген.

Reuters агенттігі қалалық өртке қарсы қызметке сілтеме жасап, бес адамның зардап шеккені туралы хабарлаған. Кейін полиция алты шабуылдан төрт адамның жеңіл жарақат алғаны, олардың өміріне қауіп жоқ екені жайлы ақпарат таратты.

Мюнхен полициясының ресми өкілі шабуылға күдіктіге сырт пішіні ұқсайтын ер адамның ұсталғаны туралы хабарлаған.

XS
SM
MD
LG