Accessibility links

Мальта билігі журналисті өлтіргендер жайлы ақпаратқа миллион еуро тағайындады


Журналист Дафне Каруана Галиция.
Журналист Дафне Каруана Галиция.

Мальта үкіметі қастандық құрбаны болған журналист Дафне Каруана Галицияның қазасын тергеуді "төтенше маңызды іс" деп атады. Биліктегі ықтимал коррупция байланысын зерттеп жүргенде мерт болған журналисті өлтіргендер туралы ақпарат үшін 1 миллион еуро сыйақы тағайындалғаны жарияланды.

Соңғы кездері Дафне Каруана Галиция Мальта премьер-министрі Джозеф Мускат пен оның жақын екі көмекшісіне қатысты зерттеумен айналысып жүрген. Тілші жоғары лауазымды шенеуніктердің коррупцияға қатысы болуы мүмкін деп күдіктенген. Ол Мальта премьерінің жұбайы Мишель Мускаттың иелігінде Egrant атты панамалық офшорлық компания барын анықтаған.

Дафне Каруана Галиция 16 қазанда қаза тапты. Журналист жалға алған автокөлігіне отырған кезде қашықтан басқарылатын жарылғыш затты іске қосып, жарып жіберген.

Бұған дейін Wikileaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанж журналист Дафне Каруана Галицияның өмірін қиған қылмысты ұйымдастырғандар мен орындаушылар туралы кез-келген мәлімет үшін 20 мың еуро сыйақы төлеуге уәде еткен.

XS
SM
MD
LG