Accessibility links

Бакуге аттанған жолушылар ұшағы Астанаға қайтуға мәжбүр болған


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет.)
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы Астана халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет.)

Сенбі күні Бакуге ұшып шыққан жолаушылар ұшағы навигациялық құралдарындағы ақауға байланысты кері қайтып, Астана әуежайына қонған. Бұл туралы ақпаратты Қазақстан инвестиция және даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті Facebook әлеуметтік желісіндегі парағында жариялаған.

"21 қазанда КС113 рейсімен Астанадан Бакуге қатынайтын ұшақ навигациялық құралдарының проблемасына бола Астана әуежайына қайта оралды. Ұшақ сағат 22:56 кезінде штаттық режимде қонды", - делінген ақпаратта.

Азаматтық авиация комитеті ұшақ бортында 90 жолаушы болған дейді.

КС113 рейсі бойынша Астанадан Бакуге жолаушы тасымалы қызметін көрсететін Air Astana компаниясы әзірше бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ.

XS
SM
MD
LG