Пәкістанда тыйым салынған "Техрик-и-Талибан" террорлық ұйымына кіретін "Жаамат әл-Ахрар" тобы өз жетекшілері Омар Халид Хорасанидың америкалық әскерилердің әуе шабуылы нәтижесінде қаза тапқанын растаған.
"Ауғанстанда америкалық дрон шабуылынан жараланған басшымыз соның салдарынан сәрсенбіде көз жұмды" деп мәлімдеген "Жаамат әл-Ахрар" тобының өкілі француз ақпарат агенттігіне. Оның сөзінше, сол жолғы шабуылдан Хорасаниға ең жақын саналатын тоғыз серігі өлген.
Пәкістан билігі бұл топты соңғы жылдары елде жасалған бірнеше терактіге, соның ішінде 2016 жылғы наурызда Лахорда христиан қауымына қарсы шабуылға жауапты санайды. Лахордағы шабуыл салдарынан 75 адам мерт болған.
Жергілікті баспасөз құралдарының хабарлауынша, ауған-пәкістан шекарасында америкалық әскерилердің ұшқышсыз аппарат көмегімен жасаған екі шабуылынан 31 содырдың көзі жойылған.