Accessibility links

Трамп көмекшілерінің адвокаттарына ақыны өз қаржысынан төлейді


АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 17 қазан 2017 жыл.
АҚШ президенті Дональд Трамп. Вашингтон, 17 қазан 2017 жыл.

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен жылғы АҚШ президенті сайлауына Ресейдің араласуын тексеруге байланысты тергеу-тексеруге іліккен бұрынғы және қазіргі көмекшілері жалдауға мәжбүр болған адвокаттардың көрсеткен қызметіне төленетін кемінде 430 мың долларды өзінің жеке қаржысынан бөледі.

Бұл туралы сенбі күні АҚШ президенті әкімшілігінің өкілдері хабарлаған. Осы мақсатқа Трамптың сайлау штабы мен Республикалық партияның ұлттық комитеті жыл басынан бері 2 миллион доллардан артық қаржы жұмсаған. Ол қаржының 238 мың долларға жуығы қазіргі АҚШ президентінің ұлы – кіші Дональд Трампқа қызмет көрсеткен заңгерлерге төленген.

Президент Трамп жеке қаржысынан адвокат қызметі үшін ақша бөліп отырғандар арасында ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы көмекшісі Майкл Флинн де, сайлау штабының бұрынғы жетекшісі Пол Манафорт та жоқ. Бұл екеуі Ресейдің АҚШ сайлауына араласуына қатысты істің тергеуін жүргізуге арнайы прокурор болып Роберт Мюллер тағайындалмай тұрған кезден АҚШ федералдық тергеу бюросының бақылауында болған.

Президент Трамп Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында өзінің сайлауалды штабы мен Ресей арасындағы байланыс туралы тексеруді тағы да "фейк" (жалған) деп мәлімдеп, өзінің үстінен бұрынғы британ барлау қызметкері Кристофер Стилге жинаған әшкерелейтін мәліметтерді қаржыландыру көздерін дереу ашуды талап еткен. "Бұл қаралайтын құжаттарға ақша төлеген кім: Ресей ме, FBI ма, әлде демократтар ма?" деп жазған Трамп.

XS
SM
MD
LG