Accessibility links

Берлинде нәсілшілдікке қарсы демонстрация өтті


Берлиндегі нәсілшілдікке қарсы демонстрация. 22 қазан 2017 жыл.
Берлиндегі нәсілшілдікке қарсы демонстрация. 22 қазан 2017 жыл.

Берлинде 22 қазанда мыңдаған адам қатысқан нәсілшілдікке қарсы акция өтті. Ұйымдастырушылардың есебінше, демонстрацияға 10 мыңнан астам адам қатысқан. Демонстрацияны ұйымдастырған Германияда өскен 23 жастағы түркиялық күрд Әли Чен демонстрация "Германия үшін балама" партиясына қарсы емесін айтады. Әли Ченнің сөзінше, демонстрация Бундестагта 90-нан астам орынды иеленген партия өкілдерінің нәсілшілдікті неміс парламенті мінберінен насихаттауына қарсы бағытталған. Көпшілігі "Германия үшін балама" партиясын ендігі нәсілшіл сарындағы ой-пікірін білдіре бастаған ультраконсервативті партия деп санайды.

Нацизм құрбандарына арналған ескерткіш орнатылған ауданда өткен демонстрацияға шыққан берлиндіктер Германия үшін қасіретпен аяқталған өткен шақты қайта бастан өткергісі келмейтіндерін білдіріп, плакат ұстап шықты. Халқы 200-ден астам тілде сөйлейтін Берлиндегі демонстрацияға қатысушылар қоғамдық өмірдің барлық саласында көптүрліліктің сақталып, дамытылғанын қолдайды. Демонстранттар ұстап шыққан ең үлкен плакаттардың бірінде "Бундестаг депутаттары! Ала-құла көпшіліктің пікіріне құлақ салыңыздар!" деп жазылған.

Демонстранттар Рейхстагты айналып шығып, қорытынды митинг өтетін Бранденбург қақпасына оралмақ ниетте. Акцияға қатысқандар арасынан социолог және саясаттанушы Игорь Эйдманның таяуда құрған "Германиядағы орыс тілді еуропалықтар форумының" өкілдерін де көруге болады. Олардың ұстап шыққан плакаттарының бірінде "Германия үшін балама" Путинді жақсы көреді, ал біз ұнатпаймыз!" деп жазылған.

XS
SM
MD
LG