Accessibility links

Роберт Мугабе екі күн ғана "ерікті елші" болды


Роберт Мугабе, Зимбабве президенті.
Роберт Мугабе, Зимбабве президенті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) басшысы Тедрос Гебрейесус жексенбі, 22 қазанда Зимбабвенің 93 жастағы президенті Роберт Мугабені "ерікті елші" қызметінен алып тастағанын мәлімдеді.

Зимбабвені 1980 жылдан бері басқарып келе жатқан Мугабе бар болғаны екі күн "ерікті елші" болды. Мұндай шешімге адам құқығын қорғаушылар мен журналистер, сонымен қатар Ұлыбритания, Канада және АҚШ секілді кейбір мемлекеттердің үкіметтері сын айтты. Британияның The Guardian газеті БҰҰ-ның АҚШ-тағы бұрынғы өкілі Саманта Пауэрдің сөздерін келдірді. Ол: "93 жастағы Мугабе 37 жыл билік еткенде өзінің ғана денсаулығын ойлады" деп мәлімдеген.

AFP агенттігі Мугабе билігі кезінде Зимбабвенің денсаулық сақтау жүйесі құлдырағанын жазды. Елдегі көптеген ауруханаларға қажетті құралдар, дәрігерлер мен медбикелер жетіспейді, медицина қызметкерлерінің айлығы өте төмен.

ЮНЕСКО-ның Статистика институтының мәліметіне қарағанда, Зимбабведе орташа өмір сүру ұзақтығы 49 жас.

XS
SM
MD
LG