Жапонияда премьер-министр Синдзо Абэ басқаратын Либералды-демократиялық партия 22 қазанда өткен парламент сайлауында 465 депутаттық орынның 310-ына ие болды.
Сайлаудың түпкілікті нәтижелері 23 қазан күні кешке белгілі болмақ. Жапония үкіметін 2012 жылдан бері басқарып келе жатқан Абэнің екінші өкілетті мерзімі биыл аяқталады.
Жаңа үкіметтің күн тәртібінде Жапонияның өзін-өзі қорғау күштерінің мәртебесін анықтау ең басты мәселелердің бірі болып тұр. Жапонияның қазіргі конституциясы бұл ел Екінші дүниежүзілік соғыста жеңілген соң АҚШ-тың тікелей араласуымен жазылған. Жапония конституциясының 9-бабы бойынша, қарулы күштер ұстауға тыйым салынған. Жапонияның өз армиясын ұстау мәселесі соңғы уақытта Солтүстік Корея тарапынан әскери қауіп ұлғая бастаған соң кең талқылана бастаған.