Accessibility links

ЕҚЫҰ Грузиядағы мэр сайлауына жоғары баға берді


Марнеули қаласында мэр сайлауында дауыс беріп тұрған адам. Грузия, 21 қазан 2017 жыл.
Марнеули қаласында мэр сайлауында дауыс беріп тұрған адам. Грузия, 21 қазан 2017 жыл.

ЕҚЫҰ Грузияда 21 қазанда өткен муниципалдық сайлауға жоғары баға берді. 22 қазанда таратқан мәлімдемесінде ЕҚЫҰ сайлауда "кандидаттардың үгіт-насихат кампаниясын еркін жүргізе алғаны" және "фундаменталдық еркіндіктер көбінше сақталғаны" айтылады. Көпшілігі бұл сайлауды іс басындағы "Грузия арманы" партиясы үшін келесі жылы өтетін президент сайлауы алдындағы сынақ ретінде көреді.

Дегенмен, ЕҚЫҰ "сайлаудың қорытынды хаттамаларын толтыруда аздаған кемшіліктер мен қиыншылықтар туындағанын" айтады.

Соңғы алдын ала нәтижелер бойынша, "Грузия арманы" коалициясының кандидаттары Тбилиси, Поти, Батуми және Рустави қалаларында мэр болып сайланған.

Грузия Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, Тбилиси мэрі болып бұрынғы футболшы, сайлаушылардың 51.06 пайыз даусын жинаған Каха Каладзе сайланды. Оның қарсыластары - "Біріккен ұлттық қозғалыс" кандидаты Заал Удумашвили 17.47 пайыз, өзін-өзі ұсынған кандидат Алеко Элисашвили 16,53 пайыз дауыс жинады. "Грузия арманының" кандидаттары Батуми, Поти және Руставиде де 50 пайыздан көп дауыс алды.

XS
SM
MD
LG